Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
ББЖМ-ға дайындық жұмыстары
30
сентябрь
2023
ББЖМ-ға дайындық жұмыстары
Мектеп- гимназия бойынша 4- сынып мұғалімдерімен ББЖМ- ге байланысты дайындық жұмыстары басталды. Мұғалімдерге ҚР Білім және ғылым министрінің 2021  жылғы 5 - мамырдағы N204  бұйрығы таныстырылды. 4- сынып оқушыларын сырттай бақылауға дайындау мақсатында жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді. Кафедра жетекшісі Сарсенкул Эркинқызы әр апта сайын оқушылардан тест алынып, ай сайын салыстырмалы мониторинг жасалатынын ескерте отырып, тапсырмалардың ерекшелігін түсіндірді. #білімсапасыбастауыш_64   
Зерттеу топтарының жұмысы
04
март
2024
Зерттеу топтарының жұмысы
N2 зерттеу тобы. 2-сабақ. 3"В" сынып. Сынып жетекшісі Досбайева Жанар. Сабақтың тақырыбы: Т.Жароков "Қысқы кеш суреттері " Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақта жұптық, топтық әдістер қолданылды. Автор туралы ақпарат жинақталып, АВС деңгейлі оқушыларға жеке тапсырмалар берілді.  #білімсапасы_64бастауыш #зерттеусабағы_64  
Зерттеу топтарының жұмысы
04
март
2024
Зерттеу топтарының жұмысы
N2 зерттеу тобы. 3-сабақ. 3"В" сынып. Сынып жетекшісі Досбайева Жанар Сабақтың тақырыбы:    Е.Ашықбаев. "Түскі тамақ- күшті тамақ" Сабақта жеке және жұптық жұмыстар арқылы оқушылардың  өз бетінше білім алуына басымдық берілді. Ашық сұрақтар қою арқылы оқушылардың ой қозғауына, сыни тұрғыдан ойлай отырып, жауап беруге бағытталған сабақ өз дәрежесінде өтті.   #білімсапасы_64бастауыш #зерттеусабағы_64 
Зерттеу топтарының жұмысы
04
март
2024
Зерттеу топтарының жұмысы
N2 зерттеу тобы. 1- сабақ. 3 "В" сынып. Жетекшісі: Жанар Досбаева . Сабақтың тақырыбы: Күзгі уақыт. Бүгін  оқушыларға білім алуға көмектесетін, мұғалімнің кәсіби дамуына жетелейтін зерттеу сабағының куәсі болдық. Мәтінмен жұмыстың тиімді тәсілдері қолданылған сабақта оқушылардың жаңа білімді меңгерді, мұғалім оқушы арасында сапалы диалог орнады. #бастауыш_64білімсапасы
Зерттеу топтарының жұмысы
04
март
2024
Зерттеу топтарының жұмысы
N3 зерттеу тобы. 2 - сабақ. 4"Ғ" сынып. Жетекшісі: Күләнда Жангирова . Сабақтың тақырыбы: Халық даналығы ел аузында. Сабақта үй тапсырмасына берілген Ф.Оңғарсынованың "Оюлар" шығармасын жаңа сабақпен байланыстыра отырып,  аңызға құрылған мәтінмен жан-жақты жұмыс жасалды. Жұптық, топтық жұмыс оқушылардың белсенділігін арттырды.  Тиімді кері байланыс әсерінен оқушылар үшін сабақ көңілді аяқталды. #бастауыш_64білімсапасы
Зерттеу топтарының жұмысы
04
март
2024
Зерттеу топтарының жұмысы
N3 зерттеу тобы. 3-сабақ. 4"Ғ" сынып. Сынып жетекшісі Күләнда Жангирова.Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары. Сабақта ұлттық ойындары "Асық ату", "Хан талапай" ойыны арқылы жаңа білімді меңгерген оқушылар "Бәйге", "Қазақша күрес", т.б. ойындар туралы ақпарат алды. Ұлттық құндылық пен ұлттық код дәріптелген сабақта оқушылар қазақтың ұлттық аспабы домбыра арқылы бағаланды.  Зерттеу тобының жұмысы өз нәтижесін берді. Күланда мұғалімнің алдағы жұмыстарына
Зерттеу топтарының жұмысы
04
март
2024
Зерттеу топтарының жұмысы
Мектеп- гимназияда І тоқсан қорытындысы бойынша бастауыш сыныптар бойынша  2"Ғ", 3"В", 4 "Ғ" сыныптарына  зерттеу сабақтары жоспарланып, үш зерттеу тобы жұмыс жасауда. Зерттеу тобы мүшелерінің бірлескен жұмысы арқылы сыныптағы АВС деңгейлі оқушылары анықталды, сыныптардың жас және дара ерекшеліктеріне қарай қысқа мерзімді жоспар жасалынды. Әр сабақтың тақырыбына, мақсатына қарай әдіс- тәсілдер ұсынылып, оқушыларға тиімділігі зерттелді. Зерттеу сабақтары мен тиімді тәсілдер мұғалімнің ізденуіне,
Зерттеу топтарының жұмысы
04
март
2024
Зерттеу топтарының жұмысы
N1 зерттеу тобы. 3-сабақ. 2"Ғ" сынып. Сынып жетекшісі Болатбекова Әйгерім. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Хабарлы сөйлем. Сабақта жұптық, топтық жұмыстар арқылы сөйлем құрап,  сөйлем түрлеріне түсінік берілді. Берілген мәтін бойынша сөйлемдерге сұрақ қойылды, түрі анықталды, тыныс белгісі түсіндірілді.  #білімсапасы_64бастауыш #зерттеусабағы_64 
Зерттеу топтарының жұмысы
04
март
2024
Зерттеу топтарының жұмысы
N1 зерттеу тобы. 2-сабақ. 2"Ғ" сынып. Сынып жетекшісі Болатбекова Әйгерім. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Сұраулы сөйлем.Сабақта жұптық, топтық жұмыстар арқылы сөйлем құрап, сұраулы сөйлемге түсінік берілді. Берілген мәтін бойынша сөйлемдерге сұрақ қойылды, түрі анықталды, тыныс белгісі түсіндірілді.  #білімсапасы_64бастауыш #зерттеусабағы_64 
Зерттеу топтарының жұмысы
03
март
2024
Зерттеу топтарының жұмысы
N3 зерттеу тобының 1- сабағы. 15.11.2023ж.  4"Ғ"сынып. Бастауыш сынып мұғалімі Жангирова Куланда. Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт- дәстүрлері. Сабақ бесік жырымен басталып, жұптық, топтық жұмыстарда бесіктің жасалуы, бесікке салу дәстүрі, сонымен қатар басқа да дәстүрлер туралы тапсырмалар берілді. Зерттеу тобы оқушылардың іс әрекетіне  бақылау жүргізуде.#64бастауыш_білімсапасы