Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
05
март
2023

Лессон стади сабағы

31.01.2023 жыл, 17.02.2023 жыл, 23.02.2023жылы  2 «Ғ» сынып оқушыларына  тізбектелген (Lesson Stady)  іс-әрекетті зерттеу  бойынша жұмыс тобы құрылып  сабақ өтілді. Сабақтың мақсаты: Оқыту үдерісіндегі тәжірибені жақсарту және жетілдіруді зерттеу. Сабақ жоспарын құру барысында  зерттеуші 3 мұғалім, бақылаушы 1 мұғалімнен құралған топ зерттеу сабағын ұйымдастыру үшін әдебиеттік оқу пәнін таңдап алдық. Зерттеуші топ аптасына бір реттен жиналып А,В,С деңгейіндегі оқушылардың сабақ барысында іс-әрекетін зерттеу үшін, оның қажеттілігін анықтауға болатын тиімді әдіс-тәсілдерді сабақ жоспарын құруда талқылап отырдық. А,В,С деңгейдегі оқушылар жеке жұмыста топтық, жұптық жұмыстарды орындауда бастапқыда  онша араласпады кейінгі сабақтарда белсенділік қабілеттері арта түсті. Зерттеуші топта жұмыс жүргізген мұғалімдер өзара әдіс алмасып қана қоймай, бірігіп жұмыс жүргізуге, білім сапасын көтеруге өз ықпалдарын тигізді. Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған мұғалімдер шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив