01
июнь
2021
1-наурыз "Алғыс айту"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ж. Аймауытов атындағы 64 мектеп- гимназияда 1-наурыз "Алғыс айту" күніне байланысты "Кітап - алтын қазына" атты оқырман бұрышының ашылуына орай "Өзің оқы, мектепке кітап сыйла" тақырыбында акция болып өтті. Акция барысында демеушілердің көмегімен жасалған оқырман бұрышының кітап сөрелеріне түрлі бағыттағы 200 ге жуық кітаптар қойылды. Алдағы уақытта оқырман бұрышы оқушылардың, кітап сүйер жеткіншектеріміздің сүйікті орнына айналмақ. #оқуғақұштар_шымкент_әдістемелікорталық