14
февраль
2022
8-11 сынып оқушыларына "Вейп" электронды темекілердің зардаптары тақырыбында ақпараттандыру жұмысы жүргізілді.
20.10.21ж мектеп-гимназияның оқу іс жөніндегі орынбасары Абуова Айгүл, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыГ.Досан,мектеп медбикесі Шабданова Клара және педагог -психолог Арзыкулова Рыскүл оқушыларға "Вейп" электронды темекілердің зардаптары тақырыбында жиналыс өткізді. Мақсаты: Вейпинг сөзі ағылшын тілінен аударғандағы ( буды жұту және шығару) сөзі екендігін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар вейптің құрамы жөнінде ақпарат берді.Вейптің құрамында:
1. Тұрмыстық химиялық заттарда кездесетін пропиленгликоль бар.
2. Глицерин
3. Аллергия шақыратын хош иістенгіш бар екендігі айтылып өтті. Вейптің ағзаға әкелетін зардаптары: ауыз қуысын құрғатады, өкпеге зиянын тигізеді және жаман ауруларға әкеп соқтыратындығын атап көрсетті.