16
ноябрь
2021
11 қазан -халықаралық қыздар күніне орай "ұтқыр топ" мүшелері мен 8-11 сыныптың қыздары арасында сұқбат өткізілді.
Кәмелетке толмағандар арасында ертежүктіліктің, аутоагрессияның, құқықбұзушылық пен кибербуллингтің алу үшін жасалған жұмыс жоспарына сәйкес және 11 қазан -халықаралық қыздар күніне орай "ұтқыр топ" мүшелері мен 8-11 сыныптың қыздары арасында сұқбат өткізілді. Кездесуге мектеп-гимназия медбикесі Шабданова Клара Сапарханқызы, Шымкент қаласы N4 емхананың гинеколог дәрігері Алиханова Ақерке Дүйсенханқызы, N4 емхана психологы Сәлімбаева Айдана Маратқызы және әлеуметтік педагогы Қамбарбекқызы Фариза қатысты. Жеке бас гигиенасы, сымбатты болудың сырлары тақырыбымен басталған кездесу қыздардың сұрақтарына жауап беруге жалғасты. Әлеуметтік желідегі мінез бен психикалық денсаулық жайлы да ой қозғалып, қыздарға бейнероликтер көрсетілді, брошуралар таратылды."Қыздың ұяты - ұлттың ұяты" екендігін айғақтайтын маман кеңестері қыздарымыздың үлгілі болып бойжетулеріне өз септігін тигізері хақ.