📢 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!
Көктем мезгілінің келуімен балалар уақытының басым көпшілігін сыртта өткізуде. Алда жазғы демалыс, сондықтан балаларыңыздың өміріне, денсаулығы мен мінез-құлқына Сіздің тікелей жауапты екеніңізді еске саламыз. Балаларға жолда, су қоймаларында, ойын және спорт алаңдарында, аулаларда, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде дұрыс әрі қауіпсіз іс-әрекет жөнінде жиі айту керек. Ресми деректер бойынша 2021 жылдың 1-тоқсанында жол-көлік оқиғаларының салдарынан 18 бала қаза тауып, 540 бала түрлі