21
январь
2021
Ұстаздардың ел үшін еткен еңбегі өлшеусіз
Қай кезеңде болмасын ұстаздардың ел үшін еткен еңбегі өлшеусіз. Бүгінгі таңда халқымыздың төбесінен төнген "тажалды" ауыздықтау мақсатында қазақтың өмірі, денсаулығын сақтау және өмірге қажетті біліммен қаруландыру бағытында атқарылған жұмыстар бүгін де қашықтықтан онлайн форматында өткізілді. "Біздің мектепте қашықтықтан оқу қалай жүргізіледі?" деген тақырыбында ұйымдастырылған ата- аналар жиналысы ZOOM, WhatsApp, Telegram қосымшалары арқылы жүзеге асырылды.Жиналыста ата - аналарға онлайн оқудың ерекшелігі, жүргізілген дайындық жұмыстары туралы айтылып, ата аналарға кеңестер беріліп, жадынамалар жіберілді. Көкейлеріндегі сан сауалға жауап алған ата- аналар қауымы ұстаздар жұмысына сәттілік тілеп, алғыстарын білдірді.










