29
октябрь
2023
"Ақындар айтысы"
24.10.2023ж.Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияда Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасын қорытындылау мақсатында мектебіміздің оқушылары арасында "Ақындар айтысы" сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау.
Мектеп оқушылары іс-шараға белсене ат салысып, сұрақтарға жауап берді.

