25
сентябрь
2023
Ж Аймауытов атында 64 мектеп-гиназиясының 10”Ә” сынып жетекшісі Абдикулова Жанат “Қожа Ахмет Ясауидің 930 ж” ашық тәрбие сағатын өтті.
Ж Аймауытов атында 64 мектеп-гиназиясының 10”Ә” сынып жетекшісі Абдикулова Жанат “Қожа Ахмет Ясауидің 930 ж” ашық тәрбие сағатын өтті. Сабақтың мақсаты :
Оқушыларға Қ. А. Яссауидің еңбегіндегі дүниетанымдық философиялық тағлымдарын саралауына бағыт, ұсынылатын ігілікті ойлар туралы білім беріп, ойшылдар еңбегін, олардың мұраларына құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Оқушылар Қожа Ахмет Ясауи өмірі мен қызметі, Қожа Ахмет Ясауидің ілімі. Даналық хикметтерін,Қожа Ахмет Ясауидің ілімінің қазіргі қоғамдағы орны мен ерекшеліктеріне тоқталып баяндады.
Қожа Ахмет Ясауи (1094 – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.
Қожа Ахмет Ясауи (1094 – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш. Ұлы ғұламаның өмірі мен тылсымға толы ғұмырынан үзінді көрсетті. Оқушылардың өзіндік ізденулері мені қатты қуантты.
Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.

