01
июнь
2021
«Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі»
06.05.2021ж күні 11«Ә» сыныбында «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі»
тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Болашақ ұрпақтың Ұлы Отан соғысы жылдары ата-бабаларымыздың асқан ерліктерін, қажымас еңбектерін ұмытпай, олардан үлгі алып, өз еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілігін, махаббатын, патриоттық сезімін ояту.
Жеңіс...Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бой минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды.
Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Ана – жарын жоғалтқан жесір, бала – әкесінен, анасынан айрылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.
Халық ерлігі өлмейді, ол жылдар өткен сайын қайта жаңғырып, адамзат зердесіне орала береді. Отан шежіресінде, біздің жүрегімізде батырлар есімі мәңгі жасай береді. Ұрыс даласында қан жұтып, қыршыны қиылған боздақтар да, жеңіс жалауын жер үстінде желбіреткен жауынгерлер де, бізге бірдей қымбат. — с Ж.Аймауытовом Атындағы Мектепом-гимназией.