13
декабрь
2022
Психологиялық көмек
09.12.2022ж Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының 2022 жылдың 08 қараша айының N23-06-/940 шығыс хатына сәйкес "Қосымша білім беру оқу салалық орталығының" 28.11.2022 жылғы N130 хатын негізге ала отырып "Балаңызбен байланысыңыз қалай?" тақырыбында педагог-психолог Р.М.Арзыкулова ата-аналармен психологиялық тренинг жүргізілді. Тренинг барысында ата-аналармен қарым-қатынас орнату мақсатында "Өрмекші торы әдісі және тұлға қалыптастырудағы ата -ананың рөлінің орасан зор екендігін ұғындыру мақсатында түрлі -түсті қағаздардан баланың тұлғасын қалыптастыру жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар "Балаңызды көзінен танисызба?" экспериментальды әдісі жүргізілді. Ата-аналарға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында "Көгершіннен хат"әдісі қолданылып балаларының жазған алғыс хаттарымен таныстырылды. Ата-аналар өз сезімдерімен бөлісті. Алғыстарын айтып кері байланыс жасады.
https://www.facebook.com/100019821242308/videos/953065255658747/
https://www.facebook.com/100019821242308/videos/459135573062820/
https://www.facebook.com/100019821242308/videos/482093563911773/
https://www.facebook.com/100019821242308/videos/1842430479426653/
https://www.facebook.com/100019821242308/videos/864198391694093/
https://www.facebook.com/100019821242308/videos/830802024848988/
https://www.facebook.com/100019821242308/videos/1108680556510434/