27
февраль
2024
Психологиялық көмек
Білім басқармасы 'Қосымша білім беру оқу салалық орталығы" психологиялық -әлеуметтік қолдау бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес N889 хаты негізінде 12-23 ақпан күндері " "Білім беру процессіне қатысушылар арасында деструктивті көріністердің алдын -алу " тақырыбында "Психология онкүндігі" "Қуаныш сыйлаймын" көңіл-күй тақтасы тақырыбындағы онкүндікті ДТІЖ орынбасары К Ахатаева өзінің жүрек жарды тілегін білдіре отырып, оқушыларды онкүндікке атсалысуға шақыра отырып, ашылуына қатысты. Оқушылармен бірдей тренингтерге қатысып оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Әлеуметтік педагог А .Өмірбек "Көңіл-күй қобдишасы" тақырыбында тренинг жүргізген болса, педагог-психолог Р.Арзыкулова " Жүрек жылуы" тренингін өткізіп оқушыларды мейрімді, қамқор болуға шақырып көңілдерінің көтерілуіне ықпал етіп, қолдау көрсетті. Тренинг бапысында әрбір оқушы өз ойларымен бөлісті.
Онкүндік ұраны: "ӘРБІР СӘТ ПЕН ӘРБІР КҮН БАҚЫТҚА ТОЛЫ, МАҢЫЗДЫ".
https://www.facebook.com/100019821242308/videos/703557975276261/



