VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ" АТТЫ ӨНЕР МЕН БІЛІМ БАЙҚАУЫ
Оқушылар: Әбілқасым Аружан,9"Б" сынып оқушысы- бас жүлде, Сейітмұрат Ербол, 9”В" сынып оқушысы- ІІІ орын, Ергеш Әсел, 9"Б" сынып оқушысы- ІІІ орын иегерлері атанды. 27.02.2021 жылы, Шымкент қаласы, "Жастар ресурстық орталығында" бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған VI Республикалық байқауында "Көркем сөз" жанры бойынша поэзия тұлпары- Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын оқып, сахнада өнер көрсеткен оқушыларым үлкен әсер алып қайтты.