Психологиялық көмек
16.11.2022ж Ұстаздармен "Оқушылардың танымдық қабілетін иновациялық жолмен жетілдіру" тақырыбында коучинг өткізілді.Коучинг сабақта Qr- код арқылы топқа бөлу әдісі және психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында "Сиқырлы қорапша" әдісі жүргізілді. Сонымен қатар баланың танымдық қабілеттерін дамыту да ең алдымен зейінін анықтап алу керектігі айтылып өтті. Зейінді анықтауға арналған "Мюнстенберг" әдісі қолданылды және де танымдық қабілетін анықтауға арналған "Мнемотехника" әдісі қолданылды.