Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
Біздің мақтаныштарымыз
28
май
2022
Біздің мақтаныштарымыз
Біздің мақтаныштарымыз. Жеңіс құтты болсын!  
"Тәуелсіздік тұғырым" тақырыбындағы шығармасы үздік танылып, 1- орын иеленді
03
январь
2022
"Тәуелсіздік тұғырым" тақырыбындағы шығармасы үздік танылып, 1- орын
ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған " Тәуелсіздік тұғырым"  республикалық байқауына  Ж Аймауытов атындағы #64 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Жаңабек Бекасыл Маратұлы қатысты. "Тәуелсіздік тұғырым" тақырыбындағы шығармасы үздік танылып, 1- орын иеленді Бұл байқау Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филорманияда 2021 жылдың желтоқсан айындағы 25-26 күндері өтілді.  Бекасыл, шығармашылық жолында қаламыз ұштала берсін! Әрдайым киелі білім ордамыздың үздік шәкірттерінің
Мектеп мақтанышы
11
декабрь
2021
Мектеп мақтанышы
Қарағандыда өткен Республикалық Президенттік Олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан Әбдіханова Әсел С.Утебаев атындағы Атырау университетінің грантына ие болды. Грант иегеріне тек сәттілік тілейміз, жолың ашық болсын!  
Мектеп мақтанышы!
16
ноябрь
2021
Мектеп мақтанышы!
2021 жылдың қараша айының 5-7 күндері аралығында Түркия меклекеті Стамбул қаласында #Каратэ-до Шотокан стилінен 11-ші Әлем чемпионаты өз мәресіне жетіп Ж.Аймауытов Атындағы Мектеп-гимназиясының  10'Ә ' оқушысы Тайлиев Шыңғыс Маратұлы I-орын иегері атанды. Шыңғыстың  биік белестерден көрінетініне кәміл сенемін тек Алға  сыныбымыздың тағы бір жас дарыны Тимурқызы Жания сыныбымыздың үздік оқушысы Ж.Омаров атындағы #1 балалар саз мектебін үздік бітіріп шықты. Жас дарындарға зор денсаулық пен толғай
"Шымкент Жастар лигасы"
01
июнь
2021
"Шымкент Жастар лигасы"
Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен өткізілген "Шымкент Жастар лигасы" ойындарында волейболдан І орын. Шын жүйрікті анықтаудағы соңғы сайыс төрешілерге де,  ойыншыларға да оңай соқпады. Табан тірескен тартысты ойынның жеңімпазы атандық. Волейбол командасының жетекшісі Назарова Гулниса апайдың табан ақы, маңдай тері ақталды, еңбегі жанды. Жеңіс құтты болсын. Шымкент қаласы әкімдігіне жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулу мақсатында ұйымдастырылып отырған бұл лига үшін алғысымызды айтамыз.
"ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ-КӨПКЕ ОРТАҚ"
01
июнь
2021
"ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ-КӨПКЕ ОРТАҚ"
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ "БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ"БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН "ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ-КӨПКЕ ОРТАҚ"АТТЫ ҚОЛӨНЕР КОНКУРСЫНА ҚАТЫСҚАН Ж.АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ N•64 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ  7"Г"СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЖОЛДАС АРУНАЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ. АРУНАЗҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
"Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы жалпы ұлттық мәдени білім беру"
01
июнь
2021
"Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы жалпы ұлттық мәдени білім беру"
Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыруда "Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы жалпы ұлттық мәдени білім беру" жобасы аясында өткен Әл-Фараби ауданы мектептерінің арасында өткен дебат турнирінде мектеп-гимназияның "Ұлар" фракциясы II орынды иемденді. Фракция мүшелері Тұрлыбаева Мәншүк, Оразғали Гүлназ (9а сынып оқушылары) Дебат клубының жетекшісі Алтыбаев Жасұлан Қуанышбайұлы.  Жүлде құтты болсын, ұшқыр ойлы шәкірттеріміз көп
VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  "ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ" АТТЫ  ӨНЕР МЕН БІЛІМ БАЙҚАУЫ
01
июнь
2021
VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ" АТТЫ ӨНЕР МЕН БІЛІМ БАЙҚАУЫ
Оқушылар: Әбілқасым Аружан,9"Б" сынып оқушысы- бас жүлде, Сейітмұрат Ербол, 9”В" сынып оқушысы- ІІІ орын, Ергеш Әсел, 9"Б" сынып оқушысы- ІІІ орын иегерлері атанды.    27.02.2021 жылы, Шымкент қаласы, "Жастар ресурстық орталығында" бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған VI Республикалық  байқауында "Көркем сөз" жанры бойынша поэзия тұлпары- Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын оқып, сахнада өнер көрсеткен оқушыларым үлкен әсер алып қайтты.
"Ұстаздан шәкірт- озар "
01
июнь
2021
"Ұстаздан шәкірт- озар "
"Ұстаздан шәкірт- озар ", демекші ұлым  3 "А" сыныбында оқиды. Математика пәні бойынша Республикалық "Самұрық" байқауына қатысып, бас жүлде иегері атанды.  Сынып жетекшісі Арисланова Сарсенкул апайға алғысымды білдіремін!.