01
март
2023
"Жастар жемқорлыққа төзбейді" тақырыбында 64 мектеп-гимназия ұжымына тарих пәнінің мұғалімі Мусирова Гулжахан баяндама оқыды.
Жастар арасында жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында "Жастар жемқорлыққа төзбейді" тақырыбында 64 мектеп-гимназия ұжымына тарих пәнінің мұғалімі Мусирова Гулжахан баяндама оқыды.
Қазіргі заманда әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмысы үздіксіз жүргізілуде және оның күнделікті жетілдіріліп отырғаны байқалады. Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Осы мақсатта арнайы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 2015 жылы қабылданды. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бектілді.
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту арқылы қоғамда осы бағыттағы насихат, түсіндірулер жүргізу негізінде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендететіні жайлы айтып өтті.


