22
сентябрь
2023
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназия әкімшілігі 2023-2024 оқу жылында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында мына жағдайларға қатаң тыйым салынатынын ескертеді:
-мектеп қажеттіліктеріне ақша жинауға (кеңсе заттарын,спорттық құралдар т.б.)
-4,9,11 сыныпты аяқтау іс-шараларына;
- мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жинауға қатаң тыйым салынады;
-Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға ( іс-шаралар барысында ата-аналар тарапынан түрлі сыйлықтар алуға, ата-аналар комитеті тарапынан қаржылай ақша жинауға) қатаң тыйым салынатындығын;
-Ұстаздар мерекесі қарсаңында және басқа да түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, гүл сыйлауға, қатаң түрде тыйым салынатындығын;
Құрметті ата-аналар! Жоғарыда айтылған талаптар бұзылған жағдайда тікелей байланысқа шығуға болатынын ескертемін.
Құрметпен, Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназия директоры Сандыбаева Гүлхан Тұрсыметовна.
Байланыс телефоным: +7 747 406 1165
