#КүшімізБірлікте
Құрметті әлеумет! Қазақстанның әрбір өңірінде орын алған тәртіпсіздік бүкіл әлемді елең еткізді. Біздің еліміздің егемендігіне, тәуелсіздігіне төнген бұл қауіп барша халықтың жұмылуын талап етуде. Осы бір қиын-қыстау күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі халықтың топтасып, жұмылуына жаңа дем беріп отыр. Күш құрылымдарының өкілдері мен бейбіт тұрғындар тәртіпсіздікке жол бермеу үшін, тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін, көк байрағымыздың бейбіт аспанда