Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
21
февраль
2024

10"Ә" сынып оқушылары Темірбек Гүлім

Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың қайғылы беттерінің бірі. Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғанстандағы шектеулі контингент әскерлері құрамында Қазақстаннан 22 269 жауынгерлер өздерінің интернационалдық міндетін атқарды. 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО Қарулы күштері Ауғанстанға кіргізілген еді. Бұл қасірет ауған елінің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес Одағының әскері ауған жерінен шығарылды. Міне, содан бері тура 30 жыл өтіпті. Жалпы еліміз және ардагерлеріміз үшін 10 жылға жуық уақытқа созылған сол соғыстың жарасы әлі жазыла қойған жоқ, ресми деректерге сүйенсек, қазақ елінен аттанған ұландарымыздың 21-і із-түзсіз жоғалып кеткен, 924 сарбазға ауған жерінен топырақ бұйырған. 1015 арыстай азамат елге мүгедек болып оралған. Қаншама қазақ отбасына қасірет әкелген айдаладағы Ауғанстан соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын. Сондықтан жыл сайын ардагер ағаларымыз осы соғыста қаза болған қаруластарының қабіріне барып, тағзым етіп, еске алады, сүйегі шетелде қалғандарға бағыштап құран оқылады.

















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив