Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
Altyn Tugyr V кезекті Олимпиадасы
29
февраль
2024
Altyn Tugyr V кезекті Олимпиадасы
       2023-2024 оқу жылындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Дарын" орталығының "Алтын тұғыр" республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қатысып, III дәрежелі дипломмен марапатталдым.  
"Зерде " республикалық зерттеу жобасы 2023-2024 оқу жылы
29
февраль
2024
"Зерде " республикалық зерттеу жобасы 2023-2024 оқу жылы
  2023-2024 оқу жылындағы XIX республикалық 2-7 сынып оқушылары арасындағы "Зерде" зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңіне қатысып,Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының  4"Б" сынып оқушысы Сағидулла Әзірет Сұлтан химия,биология секциясы бойынша "Қалақайдың емдік қасиеттері" тақырыбында өз зерттеу жұмысын көрсетіп, III дәрежелі дипломмен марапатталды.      
Ы.Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқу
02
январь
2024
Ы.Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқу
    "Оқуға құштар" мектеп жобасы аясында мектеп кітапханашысы Зейнетаева Гүлназ апаймен бірлесе отырып 4 "б" сынып оқушыларымен Ы.Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқу , жатқа айту іс-шарасы өткізілді.  Мақсаты: Ы.Алтынсариннің еңбектерін үлгі ете отырып,оқушыларды еңбекқорлыққа,адамгершілікке, іскерлікке, достыққа, ынтымаққа , Отан , болашақ алдындағы борышын сезінуге , елін, жерін, жұртын сүюге, Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу. 
"Зерде " республикалық зерттеу жобасына дайындық 2023-2024 оқу жылы
02
январь
2024
"Зерде " республикалық зерттеу жобасына дайындық 2023-2024 оқу жылы
          4 "Б" сынып оқушысы Сағидулла Әзірет-Сұлтан "Қалақайдың емдік қасиеттері" тақырыбындағы зерттеу жұмысына дайындық үстінде.
"Әрбір бала-жарық жұлдыз" тақырыбында өткізілген шеберлік сағаты
24
декабрь
2023
"Әрбір бала-жарық жұлдыз" тақырыбында өткізілген шеберлік сағаты
    Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін және ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.
"Кенгуру-математика барлығы үшін" ойын-сайысы
24
декабрь
2023
"Кенгуру-математика барлығы үшін" ойын-сайысы
   "Дарын"республикалық ғылыми -практикалық орталығы оқушылардың математика пәнінен білімдерін тереңдету және сол пәнге қызығушылықтарын арттырып, дарынды балаларды айқындау мақсатында өткізілген сайысқа 4 "Б" сынып оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды.Шәкірттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы"
01
ноябрь
2023
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы"
    Қазақстан Республикасында әрбір отбасы ата-аналары  өз балаларымен   қарым-қатынасты жақсарту, балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету  үшін ата-аналар қауымдастығында психологиялық- педагогикалық білім  дағдыларын қанағаттандыру, жұртшылық өкілдерінің жұмыстарын біріктіру, шоғырландыру мақсатында 2023-2024 оқу жылында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының  бағдарламасы аясында  4 сынып ата аналарымен "Отбасы-бақыт бесігі" тақырыбында шеберлік сағаты өтілді.
Ашық тәрбие сағаты "Менің Қазақстаным"
01
ноябрь
2023
Ашық тәрбие сағаты "Менің Қазақстаным"
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімдерін ояту.
Тәрбие сағаты "Қарттарым -асыл қазынам"
08
октябрь
2023
Тәрбие сағаты "Қарттарым -асыл қазынам"
    1-қазан Қарттар күніне орай 4 "Б" сынып оқушыларымен "Қарттарым -асыл қазынам "атты тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты:оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру,үлкенді сыйлау,өз ата-бабасын ұмытпай ,салт-дәстүрден нәр алып өсуіне ,инабаттылыққа ,жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
4 "Б" сынып ББЖМ-ға дайындық
08
октябрь
2023
4 "Б" сынып ББЖМ-ға дайындық
  ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып ,оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты:оқу сауаттылығы,математика сауаттылығы ,жаратылыстану -ғылыми сауаттылығы бойынша жүргізіледі.