Тәрбие сағаты
26.04.2023 ж Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияның 3 "Б" сыныбында "Ұлт бірлігі-ел бірлігі" атты ашық тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету. Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып, олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.