Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
Дарынды оқушылар
10
март
2024
Дарынды оқушылар
Шымкент қаласында 2-4 сынып оқушылары арасындағы Республикалық "Зерде" зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңіне 4 А сынып оқушылары Шырынбек Нариман мен Илияс Әди өздерінің "Киелі киіз-үй" тақырыбында жұмыстарын қорғады. Нәтежиесінде оқушыларымыз қалалық кезеңінің ІІІ орындарына ие болды. Алдағы уақытта зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жаңалық ашуға ынталанған оқушыларымыз бұдан да жоғары жетістіктерге жете берсін!
Мәнерлеп оқу сайысы
10
март
2024
Мәнерлеп оқу сайысы
4 "А", 4 "Ә, 4 "Б" сыныптары «Ы.Алтынсарин өлеңдерін мәнерлеп оқу» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Сынып жетекшілері: Маженова Эльмира, Тұрлыбекова Замира, Сытышева Эльмира  Мақсаты: Оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау
10
март
2024
Ата-аналарды педагогикалық қолдау
Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық кезекті жиналысы. Тақырыбы: Әрбір бала - жарық жұлдыз. Мақсаты: Ата-аналарды темпераментін, мәдени дәстүрлерді және мұғалімдермен өзара әректтесу мүмкіндіктерін ескере отырып, өз баласының ерекше қырларын ашуға дайындығын қалыптастыру. Ұйымдастырушылар: 4 сынып жетекшілері
Қош келдің - Жаңа жыл!
09
март
2024
Қош келдің - Жаңа жыл!
4 "А" сыныбы "Қош келдің-Жаңа жыл "атты мерекелік қойылым көрді.Мақсаты:Оқушыларды жыл он екі айдың иелерін білуге,жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету, оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру,көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Республикалық «Бәйтерек» зияткерлік олимпиадасы
09
март
2024
Республикалық «Бәйтерек» зияткерлік олимпиадасы
 4 А сынып оқушылары Республикалық «Бәйтерек» зияткерлік олимпиадасына қатысып, Бас жүлде, І-ІІ-ІІІ орындарды иеленді. Оқушылардың олимпиадаға қатысып жүлделі орындарға ие болғаны керемет жетістік.
3-ші сыныптар  арасындағы  «Дарын» зияткерлік сайысы
04
март
2024
3-ші сыныптар арасындағы «Дарын» зияткерлік сайысы
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар апталығында  3-ші сыныптар  арасында   29 .02.24ж . күн  «Дарын» зияткерлік сайысы өтті . Сайыста   Сапарбай Мирас пен  Бақытбек Жібек  «Дарынды» және  «Зейінді»  номинациясына ие болды .   
«Мұзбалақ-Мұқағали» поэзия фестивалі
04
март
2024
«Мұзбалақ-Мұқағали» поэзия фестивалі
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының  3 «Б» сынып оқушысы Жасұзақова Қасиет   «Мұзбалақ-Мұқағали» республикалық көркемсөз , мәнерлеп оқу байқауына қатысып  2-ші орын алды .
Ашық сабақ  математика пәнінен  3 «Б»сынып
04
март
2024
Ашық сабақ математика пәнінен 3 «Б»сынып
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясында  19.02.-29.02.24ж. аралығында  Бастауыш буынында  « Бастауыш сыныптарда бағалау жүйесін тиімді пайдалану» тақырыбында   он күндік өтті .    Мақсаты: Сабақты бағалау жүйесімен таныстыру және тәжірибеде қолдану , оқушылардың дағдыларының қалыптасуына ықпал ету . Сол онкүндікте    3 «Б» сыныбында математика пәнінен «Разрядтан екі рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі» тақырыбында ашық сабақ өтілді .  Сабақтың мақсаты :   үш таңбалы
«Бастауыш сынып оқушыларын  ББЖМ- ге дайындауда ЦБР-ді пайдалану»
04
март
2024
«Бастауыш сынып оқушыларын ББЖМ- ге дайындауда ЦБР-ді пайдалану»
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясында  3-ші сынып мұғалімдері 16.02.24ж. Қалалық семинарда   «Бастауыш сынып оқушыларын  ББЖМ- ге дайындауда ЦБР-ді пайдалану»  тақырыбында мұғалімдерге тренинг сабағы өтілді .  Сабақтың мақсаты : Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын цифрлық білім ресурстарын пайдалана отырып ББЖМ ға дайындау .