Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
Сөйлеуді дамыту сабағы
02
декабрь
2023
Сөйлеуді дамыту сабағы
Сөйлеуді дамыту сабағынан Алғашқы қар тақырыбына оқушыларға қардың қайдан пайда болатынын түсіндіру және өз қолдарымен суретке мақтадан қар жасап жабыстырып үйрету.
1 "Д" сыныбы - Математика сабағы. "Сандық толы қазына" тәсілі
29
ноябрь
2023
1 "Д" сыныбы - Математика сабағы. "Сандық толы қазына" тәсілі
Сабақтың тақырыбы Ондықтарды қосу және азайту  Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары Ондықтан аттамай біртаңбалы сандарды/ 20 көлеміндегі біртаңбалы мен екітаңбалы сандарды/ ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындау. Ондықтарды ауызша қосу және азайту. Жылдам есептеуге машықтандыру.  Асыл таста жазылған мысалдар арқылы сандықты қазынаға толты ру.
1 "Д" сыныбы - Көркем жазу сабағы
29
ноябрь
2023
1 "Д" сыныбы - Көркем жазу сабағы
«Көркем жазу» бағдарламасы 1-сыныпқа аптасына 1 сағаттан 33 сағатқа арналып жоспарланған.               «Көркем жазу» бағдарламасының мақсаты:   Балаға хат таныту, әріп таңбаларын әдемі көркем етіп салуға жаттықтыру, жазу мен оқуды үйрету.               Сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі көлбе, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем
"Бәйтерек"республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы
24
ноябрь
2023
"Бәйтерек"республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы
3"Ғ" сынып оқушылары Мүсілім Жанел ІІ орын,Қалдыбек Абубакр І орын ,Нұрлыбек Сара ІІІ орын,Жүнісәлиев Аят ІІІ орын,Бұхарбек Айсұлтан ІІІ орын, Аузбаев Бексултан ІІІ орын "Бәйтерек" республикалық зияткерлік олимпиадасына қатысып орындар алды.Оқушыларымды жүлделі орындарымен құтықтаймын.Жарайсыңдар!
Қазақстан болашағы
24
ноябрь
2023
Қазақстан болашағы
Бала ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі емес пе? Кішкентайынан газет- журнал оқып,қызығушылығын дұрыс қалыптастыра алған баланың рухы да ,өрісі де биік болары сөзсіз.Ендеше баланы тек ата-ана мектеп тәрбиелемейді.Баспасөз де бала тәрбиесінде басты рөл атқарады. Мүсілім Жанел Сабитқызы - жаны жайсаң көңілі шат,білімпаз да еңбекқор,талапты ару."Білімсіз адам -білтесіз шаммен тең" дегендей,тек білімғана адамзатқа ұлы күш боларын ұғынған ару ізденімпаз ,еңбекқор шәкіртімнің біріне айналып келе жатыр.
17.11.2023ж. Ата-аналар жиналысы
22
ноябрь
2023
17.11.2023ж. Ата-аналар жиналысы
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының 4 А сынып ата-аналарымен 17.11.2023 күні кезекті жиналыс өткізілді. Жиналыста "Мектеп, ата-ана, бала" тақырыбында баяндама оқылды. Оқушыларыдың І-тоқсан оқу үлгерімі айтылды. Қызылша ауруы жайлы ескертілді.    
3-4 сынып оқушыларына арналған "Алтын сақа" математикалық олимпиадасы
22
ноябрь
2023
3-4 сынып оқушыларына арналған "Алтын сақа" математикалық олимпиадасы
"Алтын сақа" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне өткен 4 А сынып оқушылары Шырынбек Нариман мен Оңат Мухаммад олимпиадаға күнделікті дайындық жүргізуде. Сынып жетекшісі: Маженова Эльмира Елтаевна 
2023-2024 оқу жылындағы "Зерде" республикалық зерттеу жобасына дайындық
22
ноябрь
2023
2023-2024 оқу жылындағы "Зерде" республикалық зерттеу жобасына
2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсына 4 А сыныбының оқушылары: Шырынбек Нариман мен Илияс Әди дайындық жүргізуде. Зерттеу жұмысының тақырыбы "Киелі киіз-үйдің пайдасы". 
2 "Г" сынып оқушыларына "Өрт қауіпсіздігі мен улы газдардан сақтан" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
21
ноябрь
2023
2 "Г" сынып оқушыларына "Өрт қауіпсіздігі мен улы газдардан сақтан"
Мақсаты: өрттің шығу себептерімен таныстыру; экстремалды жағдайда өзін дұрыс ұстауды және жылдам әрекет етуді үйрету.