Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
3 «Б» сынып « Жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайлар»  тәрбие  сағаты
04
октябрь
2023
3 «Б» сынып « Жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайлар»
11-қыркүйек 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша жер сілкінісіне байланысты дабыл қағылды . Сол күні   3 «Б» сыныбында  « Жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайлар»  атты тәрбие   сағаты  өтілді . Сабақта оқушыларға  төтенше жағдайлар, зілзала  апаттары  жөнінде ақпараттар берілді , олардан сақтану жолдары , алғашқы көмек көрсетілуі шараларымен таныстырдық . Балалардың  қауіпсіздік ережелерін сақтауға , жер сілкінісі кезінде үйде, көшеде, дұрыс әрекет етуге бағдар беріп үйреттік .
3 «Б» сынып  «Менің жазғы демалыстағы көңілді сәттерім» тәрбие сағ.
04
октябрь
2023
3 «Б» сынып «Менің жазғы демалыстағы көңілді сәттерім» тәрбие сағ.
1-қыркүйек - Білім күні  3 «Б» сыныбында   «Менің  жазғы демалыстағы көңілді сәттерім» атты ашық тәрбие сағаты өтілді .  Мақсаты: Оқушыларға 1-ші қыркүйек  Білім күні  туралы түсінік беру . Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін  кеңейту; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу. Жаз – әрбір оқушының ең сүйікті жыл мезгілі. Себебі, 3 айға созылатын ұзақ демалыс ішінде балалар  1-ші қыркүйек күні , жазғы каникулда болған қызықты
Қалалық  байқау  «Үздік сабақ жоспары»
03
июнь
2023
Қалалық байқау «Үздік сабақ жоспары»
Шымкент  қаласы ББӘО  Қалалық   «Үздік сабақ жоспары» атты  сырттай байқауға қатысып  озық идеялы іс-тәжірибесін ұсынғаны үшін   №64 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі   Досмаханбетова Ұлжан Әбдіқадірқызы марапатталады . Тіркеу №3589  2023жыл .  Директор : М 
2 Б сыныбы  . 1- мамыр ынтымақ , бірлік күніне арналған тәрбие сағаты
29
май
2023
2 Б сыныбы . 1- мамыр ынтымақ , бірлік күніне арналған тәрбие сағаты
Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясының  2 Б сыныбында  1-мамыр бірлік күніне арналған  «Бірлігіміз жарасқан»  тақырыбында   тәрбие сағаты өтілді . Мақсаты:   Балаларға 1мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.
2 Б сынып оқушысы Сапарбай Мирастың жетістіктері
29
май
2023
2 Б сынып оқушысы Сапарбай Мирастың жетістіктері
Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясының 2 Б сынып оқушысы  Сапарбай Мирас  «Кемел» математикалық  олмпиадасының   қалалық және облыстық   кезеңдерінен өтіп    2 , 3- дәрежелі   Дипломдармен  марапатталды .
"Оқуға құштар мектеп" жобасы  аясында  өтілген "Мәнерлеп оқу"  сайысы
05
март
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында өтілген "Мәнерлеп оқу" сайысы
20.02.2023ж.  2 сыныптар арасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында өтілген "Мәнерлеп оқу" зияткерлік сайысынан 2 "Б" сыныбындағы  жүлделі орын алған оқушылары:  1. Абдрасил Нұрасыл 2-орын  2.Бақытбек Жібек  3-орын .
1-наурыз Алғыс күніне өтілген 2 "Б" сыныбындағы тәрбие сағаты
05
март
2023
1-наурыз Алғыс күніне өтілген 2 "Б" сыныбындағы тәрбие сағаты
01.03.2023ж.  2 «Б» сыныбында  1-наурыз Алғыс айту күніне  «Алғыс айту-парызым» атты  тәрбие сағаты өтілді . Мақсаты : Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.    Алғыс айту күні  – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған
2 "Б" сыныбындағы қазақ тілі пәнінен өтілген ашық сабағы
05
март
2023
2 "Б" сыныбындағы қазақ тілі пәнінен өтілген ашық сабағы
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының, 2022-2023 оқу жылындағы 14.02-24.02.2023ж   аралығында өткен  ”Ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып,бастауыш сынып оқушыларының ойлау дағдысын дамыту” атты онкүндікте  2 «Б» сынып жетекшісі   Досмаханбетова Ұлжанның  қазақ  тілі пәнінен    ”Зат есім” тақырыбында 16.02.2023ж.  ашық сабақ өтілді .  Мақсаты:   Зат есім туралы алған білімдерін тереңдету  . Оқушылар мəтін мазмұнын анықтауға  бағытталған сұрақтар құрастырады жəне жауап  береді .
2 "Б" сынып оқушыларының  жетістіктері
05
март
2023
2 "Б" сынып оқушыларының жетістіктері
Шымкент қаласының "Дарын" орталығынан  Грамота  "Зерде"  республикалық зерттеу жобалар конкурсының  қалалық кезеңінде көрсеткен ерекше жетістігі  үшін Ж.Аймауытов атындағы  №64 мектеп-гимназиясының  2 "Б" сынып оқушысы  Амангелді Айару Ержанқызы марапатталады . 2  "Б" сынып оқушысы  Сапарбай  Мирас Оразкелдіұлы  "Қазақстан болашағы" атты республикалық журналға өзінің  олимпиадалардан , спорттық  жарыстардан алған жетістіктері  жазылып шықты .
16 желтоқсан  Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты.
06
январь
2023
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты.
  Ж.Аймауытов  атындағы  №64 мектеп-гимназиясының  2 Б сынып оқушыларымен өткізілген    16 желтоқсан  Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты.  Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» Мақсаты:    Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан  құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.  - Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.  - Елін, жерін сүюге, Отанын