ББЖМ-ға дайындық жұмыстары
Ж.Аймауытов атындағы 64 мектеп-гимназияда 3- сынып оқушыларымен ББЖМ-ге дайындық жұмыстары басталды. Жұмыс алгоритмі бекітіліп, 3- сынып жетекшілеріне алгоритм бойынша әдістемелік кеңес өткізіліп, жүргізілетін құжаттар бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Директор орынбасары Карлыгаш Ахтаевна ББЖМ және оған оқушыларды дайындау бойынша баяндама жасап, жұмыс жасау алгоритмдерін түсіндірді. #білімсапасы_64бастауыш